Блокбекеттегі апат: BMW жүргізушісі екі айға қамалды

Блокбекеттегі апат: BMW жүргізушісі екі айға қамалды

Алматыда блокбекетте екі полицейді қағып өлтірген BMW жүргізушісі екі айға қамалды. Бұл туралы Алматы облысы Қарасай аудандық сотының отырысында белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот күдікті Азат Азаматовқа қатысты қамауға алу туралы санкция шығарды.

«Тергеушінің арызы толық қанағаттандырылды. Қарасай аудандық сотының шешіміне сәйкес, уақытша жұмыссыз жүрген Азат Азаматовты екі айға дейін қамауға алу туралы шара қабылданды», — деді судя.

Еске салайық, 25 мамырда Көксай ауылындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды.

Қайғылы оқиғадан кейін үш шенді қызметінен кетті.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/blokbeketteg-apat-bmw-jurgzushs-ek-ayga-kamaldyi-308914/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *