ҰҚК арнайы операция өткізіп, бір-біріне қарсы екі қылмыстық топты құрықтады (фото) 

ҰҚК арнайы операция өткізіп, бір-біріне қарсы екі қылмыстық топты құрықтады (фото)

Екі қылмыстық топты жою туралы

2020 жылғы 27 мамырда ҰҚК Алматы қ. мен Алматы облысында ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті.

Қылмыстық топқа қатысушылардың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыстық құқық бұзушылықтар атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған.

Екі ҰҚТ-ның белсенді мүшелерінің жалпы саны 30 адамға жеткен. Олардың арасында бұрын сотталған адамдар бар, кейбіреулері «ұрылар» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың жетекшілерімен байланыста болған.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында 11 бірлік әртүрлі қару түрлері, 200-ден артық   оқ-дәрілер алынды.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

http://knb.gov.kz/kk/news/eki-kylmystyk-topty-zhoyu-turaly?q=/ru/news/o-likvidacii-dvukh-prestupnykh-grupp

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *