Алматыдағы блокбекетте болған жол апаты: үшінші полицейдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

ІІМ басшысы Алматы ауруханасындағы полицейге барды ВИДЕО

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы жағдайды жеке бақылауға алды. Бүгін ол жұмыс сапарымен қалаға арнайы келді, – деп хабарлады Polisia.kz.

Министр №7 қалалық клиникалық ауруханаға зардап шеккен полиция қызметкері аға лейтенант Ербұлан Сейдазымға барды. “BMW” автокөлігінің блок-бекетке соғылуының салдарынан ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы ауыр дәрежеде зақымданған.

Зардап шеккен полицейге екі операция жасалды. Бас сүйегінің резекциялы трепанациясы және бас сүйек ішіндегі гематома алынды. ІІМ басшысы дәрігерлер консилиумына қатысты. Мамандардың айтуынша, пациенттің жағдайы ауыр, бірақ оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Дәрігерлермен әңгімелескеннен кейін Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкерінің тез арада сауығып кетуін тіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *