Тұрғындардың талап-тілектері оң шешімін табуда
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ағымдағы жылдың тамыз айында Шардара қаласы Смағұлов көшесінің тұрғындарымен кездесу барысында, көше тұрғындары ауызсу құбырының тозығы жетіп, үйлеріне су жетпейтіндігі жөнінде айтқан болатын. Бұл мәселені аудан басшысы жеке бақылауына алып, нәтижесінде Смағұлов көшесіндегі 1 шақырым орталық ауыз су құбыры ауыстырылды. Бүгін аудан әкімі атқарылған жұмыстарды аралап көріп, көше тұрғындарымен қайта кездесті. Кездесу барысында тұрғындар аудан әкіміне ауыз су мәселесін түбегейлі шешіп бергендігіне алғыстарын білдіріп, ендігі кезекте Смағұлов көшесіне асфальт төсеп беруді сұрады. Өз кезегінде аудан әкімі бұл мәселенің де алдағы уақытта шешімі табылатындығын айтты. Бүдан бөлек Шардара қаласындағы орташа жөндеу жұмыстары басталған Н.Оңдасынов, Қазыбек би көшелерінің құрылысымен танысып, аудан әкімінің салаға жауыпты орынбасары Н.Сапаровқа қатаң бақылауға алуды, мердігер мекеме басшысына жұмыстарды сапалы атқаруды тапсырды. Сонымен қатар, қаладағы көпқабатты 6 тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысымен танысып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде тұрғындар үйлерді жөндеу жұмыстары бойынша бірқатар ұсыныстарын айтты. Осыған байланысты аудан әкімі тұрғындар тарапынан аталған ұсыныстардың орынды екендігін айта келе, тиісті сала мамандарына құрылыс жұмыстарының мерзімінде сапалы атқарылуын қатаң тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.