Гүлшара Әбдіқалықова: Соңғы күндерде коронавирус жұқтырғандар қатарында зейнеткерлер көп

Гүлшара Әбдіқалықова: Соңғы күндерде коронавирус жұқтырғандар қатарында зейнеткерлер көп

Гүлшара Әбдіқалықова: Соңғы күндерде коронавирус жұқтырғандар қатарында зейнеткерлер көп

Қызылорда облысында карантинге байланысты шектеулерді жеңілдетудің бес кезеңі өткізілді. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ергілікті «Qyzylorda» телеарнасының тікелей эфирінде жеңілдетуден кейін жағдай күрделене түскеніне назар аударды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Сыр өңірінде де шектеулерді жеңілдетудің бес кезеңі өткізілді. Көптеген саланың қызметі қалпына келе бастады. Алайда, жеңілдетуден кейін жағдай күрделенуде. Қазір облыста індет жұқтырған 297 науқас бар.

«Өткен аптада 51 жағдай тіркеліп, апталық өсім 20,4 пайызды құрады. Әсіресе, зейнет жасындағы адамдар жиі анықталуда. Алғашқы бір жарым айда зейнет жасындағы 18 адам тіркеліп, 1-еуі ауыр жағдайда болды. Соңғы екі аптада осы топтағы 12 науқас тіркелді. Олардың 4-еуі ауыр, 1-еуі өте ауыр жағдайда ем алуда.

Бұл мәліметтер бәрімізді ойландыруы тиіс. Сондықтан, үлкендерімізді қорғайық. 65-тен асқан аға-апаларымыздан үйде болып, оқшаулануды сұраймыз», — деді облыс әкімі.

Аймақ басшысының айтуынша, індеттің таралуы ұжымдастар арасында, отбасылық іс-шаралардан және көптің жиналуынан байқалуда. Соңғы кездегі науқастардың көбісінің қайдан жұқтырғанын анықтау қиынға түсуде.

«Кез келген адамнан жұғу ықтималдығы жоғары. Қазіргі карантинді жеңілдету кезінде өзара қарым-қатынас артуда. Тұрғындар арасында індетке сенбеушілік және бейқамдық күшеюде. Осыған сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға деген ынта төмендеді. Сондықтан облыс тұрғындарын күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырамын. Қоғамдық ортада, көпшілік орындарда бетперде тағып жүру, әлеуметтік арақашықтықты сақтау қалыпты жағдайға айналуы тиіс», — деді облыс әкімі Соңғы дерек бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 адам тіркелді.

https://www.inform.kz/kz/gulshara-abdikalykova-songy-kunderde-koronavirus-zhuktyrgandar-katarynda-zeynetkerler-kop_a3654484

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *