Атырауда жедел жәрдем бригадасы өзекке құлаған баланы аман алып қалды

Атырауда жедел жәрдем бригадасы өзекке құлаған баланы аман алып қалды

Атырауда жедел жәрдем бригадасы өзекке құлаған баланы аман алып қалды
Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы өзекке құлаған баланы аман алып қалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға Жылыой ауданында болған. Құрсай өзегінің жағалауында ойнап жүрген кішкентай бала суға құлап кеткен. Әкесі баланы судан шығарған. Бірақ, бала есінен танып қалған.

«Баланың әжесінен жедел жәрдемге шақырту түсті. Оқиға орнына 3 минутта жеттік. Суды көп жұтқандықтан, баланың тыныс алу жолдары бітеліп қалған екен. Сол себептен, бала есінен танып, беті көгеріп кеткен. Оның үстіне судың салқындығынан қатты тоңған. Біз тағы бір минутқа кешіккенде, оның өмірін сақтай алмас едік», — дейді Жылыой аудандық жедел жәрдем станциясының фельдшері Ботагөз Бағытжанова.

Дәрігерлер сол жерде жан сақтау бөлімінде істелуі тиіс медициналық көмекті көрсеткен. Алдымен, баланың өкпесін судан тазартып, жүрегіне массаж жасаған. Оттегі беріп, жылы жамылғыға орап, аудандық орталық ауруханаға жеткізген. Сол жерде есін жиған баланы дәрігерлер жіті тексеруден өткізген. Өміріне төнер қауіп жоғына көз жеткізген дәрігерлер баланы үйіне жіберген.

https://www.inform.kz/kz/atyrauda-zhedel-zhardem-brigadasy-ozekke-kulagan-balany-aman-alyp-kaldy_a3654470

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *