Қазақстанда екі жасар қыз баладан коронавирус анықталды
Қазақстанда екі жасар қыз баладан коронавирус анықталды
«Берлин-Минск-Алматы» авиарейсі арқылы 13 наурызда ұшып келген 2018 жылғы кішкентай қыз баладан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Коронавирус жұқтырған тағы үш адам тіркелді. «Берлин-Минск-Алматы» ұшағы арқылы 13 наурызда ұшып келген 2018 жылғы кішкентай қыз бала Алматы қаласындағы балалар инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Екінші науқас – 1966 жылы туған азамат Мәскеуден бізге 10 наурыз күні ұшып келген. Ол Алматыда көпсалалы медициналық орталыққа жатқызылды. Үшінші науқас 1956 жылы туған азамат. Ол да Мәскеуден 10 наурыз күні ұшып келді», — деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Оның айтуынша қазіргі уақытта Алматыда 11, Нұр-Сұлтанда 2 науқас тіркелді. Бүгінгі күнде елде коронавирус жұқтырудың 13 жағдайы расталды.
Сондай-ақ, Қазақстанда Төтенше жағдай жарияланып , азаматтардың 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуына тыйым салынды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына үндеу жолдады .
https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-eki-zhasar-kyz-baladan-koronavirus-anyktaldy_a3625874