Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 50 адам тіркелді
📌 Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 50 адам тіркелді (19.05.2020 жылғы мәлімет бойынша)
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 50 тұрғынынан COVID-19 вирусы табылды:
24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған,
5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған,
21-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
19.05.2020 ж. қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 485 адам анықталды.
⚡️Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы