«Азық-түлік корпорациясы» АҚ басшылары ұсталды
«Азық-түлік корпорациясы» АҚ басшылары ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық шикізат-астықты жымқыруға жол бермеу мақсатында «Азық-түлік келісімшарттық корпорациясы» ҰК» АҚ қызметінде жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, жемқорлықта Продкорпорация өңірлік филиалдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірқатар басшысы әшкереленді.
Астық ұрлау фактілерін жасыру үшін пара беру әрекеті кезінде астық базаларының бұрынғы директоры мен оның көмекшілері әшкереленді.
Сонымен қатар жасалған қылмысты жасыру әрекеті кезінде астық базаларының бұрынғы директоры мен оның серіктестері пара беруге әрекет жасағандар әшкереленді.
Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар Астана қаласында Қаржы департаментінің директоры мен «Азық-түлік корпорациясы» АҚ бас менеджеріне қатысты тергеу аяқталды.
Тергеу барысында олар бидай түрінде тауарлық несие бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 800 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды. Айыпталушылар сотқа тартылды.
Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Қостанай облыстық өкілдігінің директоры әшкереленді.
Ол ЖШС өкілінен 100 мың тонна бидай көлемінде тауарлық несие алу мәселесін оң және кедергісіз шешкені үшін 350 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.