Шымкентте «КӨРПЕ FEST» мегафестивалі аясында «АНАЛАР АМАНАТЫ» семинар-тренингі өтті

Үш күнге созылған бұл игі іс-шараны республикалық ақпараттық ағарту үгіт насихат штабының төрайымы Ырза Тұрсынзада өткізді.

Мегафестивальдің жабылуына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы қатысты.

Жергілікті қолөнер шеберлері мен дизайнерлер өнімдерінің көрмесі қойылып, Ырза Тұрсынзаданың қатысуымен тігін және қолданбалы өнер түрлері бойынша тегін семинарлар, шеберлік сабақтары және «Ұлы дала арулары» мотивациялық лекциялары өтті.

Мұрат Дүйсенбекұлы мұндай іс-шаралар кез келген нәзік жандыларға өз кәсібін дөңгелетуге үлкен үміт пен серпін беретінін айтты.

— Бүгінгі жаһандану жағдайында ежелгі ұлттық қолөнерімізді қазіргі заман талаптарына сай қайта жаңғыртудың пайдалы тұстары мол. Мұндай іс-шаралар қыз-келіншектер арасындағы жұмыссыздық деңгейінің азаюына септігін тигізеді деген үміттеміз. Көрпе-жастықтар тігіп, оны дайын тауар түрінде сауда-саттыққа шығару арқылы табыс көздерін толықтыру мүмкіндігі туады, — деді жоба жетекшісі Ырза Тұрсынзада.

Кеш соңында көрме-байқау жеңімпаздарына қала әкімінің атынан Алғыс хаттар, семинарға қатысушыларға сертификат және «Аманат» сыйлығы тапсырылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *