МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 9579 АДАМ БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 9579 АДАМ БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

 МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға арналған «Еңбек»бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданының 9579 тұрғыны белсенді жұмыспен қамту шараларыменқамтылады.Оның ішінде 70 адамға шағын несие беру, 590 мемлекеттік грант беруді ұйымдастыру мен 3710 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Бұған қоса ауыл әйелдеріне бизнес-кейс (бал өсіру, құс өсіру, өсімдік шаруашылығы, жылыжай, саңырауқұлақ өсіру және т.б.), ақпараттық материалдарды ұсынумен блиц-тренингтер өткізіледі. Ал,жұмыспен қамту жол картасы аясында 18 инфрақұрылымдық жоба бойынша 130 жұмыс орны құрылады.Су басқан елді мекен тұрғындарына үй салу жұмыстарына да жергілікті азаматтар тартылуда.Қазіргі уақытта 32 мердігер 1300-ден астам жұмыс орнын ашып, оған жұмыссыз қалған жергілікті азаматтар жұмылдырылуда.Жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары құрылып,құрылыс жұмыстарына үміткерлердің тізімін жасақтауға кіріскен.

Жалпы,Мақтаарал ауданында эвакуацияланған 30420 адамның 4211-і атаулы көмек алатын жандар,1970-і көп балалы отбасылар, 2406 зейнеткер,955 мүгедек жандар мен 481-і жұмыссыз жүрген азаматтар.Зардап шеккендерге көмек көрсетудің кешенді ісшаралары қолға алынды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен қатар, 1-6 жас аралығындағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет беру және азаматтардың жекелеген санаттарына 5567 теңге мөлшерінде азық-түлік жиынтығын сатып алу үшін өтемақы төлеу жалғасуда.Оған қосасу тасқыны зардаптарын жою және тұрғын үйді қалпына келтіру кезінде әлеуметтік көмек көрсетудің қосымша шаралары қарастырылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *