ШЫМКЕНТТІК КӘСІПОРЫН ЖЫЛЫНА 1 МЛН АСТАМ ШОКОЛАДТЫ КӘМПИТ ӨНДІРЕДІ

ШЫМКЕНТТІК КӘСІПОРЫН ЖЫЛЫНА 1 МЛН АСТАМ ШОКОЛАДТЫ КӘМПИТ ӨНДІРЕДІ

Аталған кәсіпорын «Тассай» индустриалды аймағында 1,2 гектар аумақта орналасқан. Шоколадты кәмпит және сағыз өндірумен айналысады. 60 жаңа жұмыс орнын құрып, 2019-2020 жылдары құрылысы жүргізіліп, биыл 100 % іске қосылып отыр.
Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1,15 млн. дана шоколад кәмпитін, 1,8 млн. дана сағыз кәмпитін құрайды. Сондай-ақ, мекеменің Қазақстан Республикасының барлық қалаларында өкілдері, сауда командасы мен алаңдары бар.
Компанияның негізгі аудиториясы — балалар. Сондықтан «Орбит» емес, сағыз кәмпиттер сатылады. 12 түрлі ассортименті бар. Мысалы, алма, банан, таңқурай дәмімен ұсынылады. Бұл кәмпиттер мен сағыздар Шымкентте өндірілетін болғандықтан, шетелдік аналогтардан 10% арзан болады.
Өнімдер «MEXXI» атауымен шығарылады. Жергілікті базарлар мен барлық дүкендерден алуға болады. 70 пайызы ішкі нарықта, 30 пайызы экспортқа жөнелтіледі.
Шымкент қаласының әкімі жұмысшылармен тілдесіп, жағдайларымен танысты.
— Пандемия үлкенді-кішілі барлық кәсіпкерлік нысандарға өзінің әсерін тигізді. Бұл өзін-өзі дамытып отырған мекеменің бірегейі. Сондықтан бұдан әрі өнім түрлерін арттырып, мекемені кеңейту мақсатында барынша қолдау көрсететін боламыз. Өндірілген өнімдердің қаладағы сауда үйлерінде сатылуына жағдай жасау керек, — деп сала басшысына тапсырма берді.
Айта өту керек, мұндағы мамандардың кейбіреулері жаңа жабдықта жұмыс істеу үшін арнайы оқытудан өткен. Алдағы уақытта компания жүгеріден жасалған, карамель және таяқшадағы қатты кәмпиттер өндіретін желілерді іске қосуды көздеп отыр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *