«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БАУЫРЖАН БАЙБЕК МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БАУЫРЖАН БАЙБЕК МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БАУЫРЖАН БАЙБЕК МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Елбасы, партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысының Мақтаарал ауданына арнайы келіп, апат ауқымын өз көзімен көріп шықты. Ондажүргізіліп жатқан қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Көршілес Өзбекстандағы су бөгетінің жарылуы салдарынан су астында қалған Достық, Жеңіс, Фирдоуси, Жаңатұрмыс және Өргебас ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Төтенше жағдайдың кесірінен мыңнан астам үй бұзылып, 8 мың гектар егіс алқабын су басқан.

«Қазір мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар толықтай қайта жөндеуден өткен немесе жаңа салынған үйлермен қамтамасыз етіледі. Су басқан аймақтағы әрбір адам республика бюджетінен 100 мың теңгеден ақша алады. Әлеуметтік нысандарды, инженерлік желілер мен жолдарды қалпына келтіруге 14 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді.

Мемлекет басшысының үндеуіне қолдау білдірген қазақстандық кәсіпкерлер де 5 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. Бұл ортақ іске «Nur Otan» партиясы да қызу атсалысуда. Нұротандықтар Мақтааралдағы халыққа гуманитарлық көмек жіберді», – деді Бауыржан Байбек.

Елбасының бастамасы бойынша Тұңғыш Президент Қоры мен «Nur Otan» партиясы құрған «Birgemiz» қоры да қосымша көмек көрсетеді. Осыған орай Қордың Қамқоршылық кеңесі Мырзакент елді мекеніне 20 үй тұрғызу үшін 340 млн. теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша Достық ауылы тұрғындарының баспана мәселесі толықтай шешілетін болады. Сондай-ақ облыс әкімі Ө.Шөкеевпен бірге бөлінген жерді қарап, тұрғындармен және құрылысшылармен кездесті. Бұл жерде саман үйлердің орнына газоблоктан 100 шаршы метрді құрайтын 4 бөлмелі үйлер салынады. Жұмыс сапасы авторлық және техникалық бақылау саласындағы мамандардың қатысуымен, ерекше партиялық бақылауда болады.

Сонымен бірге сапар барысында жедел штаб отырысы өтті. Мұнда бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде инфрақұрылымдарды сапалы түрде қалпына келтіру, ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне қолдау көрсету және тағы басқа жайттар талқыланды.

Бұдан басқа Атакент ауылында еріктілермен кездесті. Өткен жылы 700-ден астам жасотандық бірнеше ай бойы Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына белсене атсалысқан болатын. Бүгін де «Nur Otan» партиясы жастар қанатының мүшелері мен белсенділері мақтааралдықтарға көмектесіп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *