БАУЫРЖАН БАЙБЕК МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА ЕЛБАСЫНЫҢ СӘЛЕМІН ЖЕТКІЗДІ
БАУЫРЖАН БАЙБЕК МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА ЕЛБАСЫНЫҢ СӘЛЕМІН ЖЕТКІЗДІ
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Мырзакент ауылында бой көтерген жаңа ықшам ауданның болашақ қоныс иелерімен кездесіп, Елбасының ақ тілегі мен сәлемін жеткізді.
«Елбасының тапсырмасымен осында келіп отырмын. Ертең оны баяндайтын боламын. Қай күйде екендеріңізді жақсы түсінемін. Аяқ астынан болған жағдай, аз уақыттың ішінде. Өмірзақ Естайұлы өзі Арыста болды, басқа да қиын жағдайларда.
Елбасы тапсырмасы бойынша Түркістан қаласы салынып жатыр. Ең тәжірибелі әкімдердің бірі. Сіздер жалғыз қалмайсыздар. «Нұр Отан» халықтың партиясы болғандыктан, біз сіздермен біргеміз», – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Елбасының сәлемін естіген мақтааралдықтар бір марқайып қалды. Алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі