Арысты оқ-дәріден толығымен тазартуға 3-5 жыл уақыт керек – министрлік

Арыс қаласынан бір жыл бойы 380 мыңға жуық оқ-дәрі фрагменті шығарылды, оның ішінде 300 мыңға жуығының жарылыс қаупі бар

Осыдан тура бір жыл бұрын жарылыс болған Арыс қаласын оқ-дәріден толығымен тазарту үшін 3-5 жыл уақыт қажет. Бұл туралы Қарулы күштер тыл және қару-жарақ басқармасының бастығы Асылбек Сатвалдинов мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол қазіргі таңда тазарту жұмыстары жарылыс болған аумақта жүргізіліп жатқанын атап өтті. Содан кейін әскерилер үшін ең күрделі жұмыс – қоймаларды тазартуға кіріседі.

«Бірақ, қарулы күштердің мақсаты жұмысты тез аяқтап тастау емес. Біз үшін ең бастысы – болашақта ешқандай салдары болмас үшін, осы аумақтың әр шаршы метрін кезең-кезеңмен тазалау. Алайда жақында аяқтау туралы айтуға әлі ерте. Алдағы екі, үш-бес жылда бітіріп қалармыз», — деді Сатвалдинов онлайн-брифингте.

Айта кетсек, Арыс қаласынан бір жыл бойы 380 мыңға жуық оқ-дәрі фрагменті шығарылды, оның ішінде 300 мыңға жуығының жарылыс қаупі бар. Саперлер 4,5 мыңнан астам оқ-дәріні залалсыздандырды.

2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысы Арыс қаласында әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды.

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты: екі әскери қызметкер, бір жергілікті тұрғын және бір бала.

Төрт айдан кейін Арыс маңындағы полигонда оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери бөлім инженерлік қызметінің басшысы көз жұмды.

https://sputniknews.kz/society/20200624/14305302/Arys-oq-dari-tazartu.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *