ДДҰ Қазақстанның коронавирусқа қарсы күрес шараларына баға берді

ДДҰ Қазақстанның коронавирусқа қарсы күрес шараларына баға берді

© REUTERS

© REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінің директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавирусқа қарсы қолданып жатқан шараларына жоғары баға берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ханс Клюге Twitter желісіндегі парақшасында Қазақстанда COVID-19 жағдайын тұрақтандыруға белсенді атсалысып жатқан ел ретінде келтірген. Ол Қазақстанның нақты қай шараларына жоғары баға беретінін атап өтті:

  • Күшейтілген бақылау;
  • Жаппай сараптама өткізу, оның ішінде медициналық қызметкерлер бар;
  • Мәліметтердің сандық жиынтығы;
  • Дерттің алдын алып, науқаспен байланыста болған адамдарды бақылау;
  • Науқастарды дұрыс емдеу;
  • Зерттеу жүргізу.

Айта кетейік, cоңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 5 279-ға жетті, 32 адам қайтыс болып, 2 223 адам айықты.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ddu-kazakstannyin-koronaviruska-karsyi-kures-sharalaryina-308382/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *