Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің суреті Қарағандыдағы көпқабатты үйдің қабырғасына салынып жатыр
Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің суреті Қарағандыдағы көпқабатты үйдің қабырғасына салынып жатыр
Қарағандыда көпқабатты үйдің қабырғасына — броконьерлер қолынан қаза тапқан қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің суреті салынып жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат Saryarqa телеарнасына сілтеме жасап.
«Қарағанды қаласындағы Нүркен Әбдіров даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйлердің біріне — броконьерлер қолынан қаза тапқан қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің суреті салынуда. Ауа-райы қолайлы болса, граффити шамамен екі апта ішінде толықтай аяқталады», делінген телеарнаның Instagram-дағы парақшасында.
Еске сала кетсек, 2019 жылғы қаңтар айында Ақмола облысының Қорғалжын ауданы аумағында бес киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев елордадағы №1 ауруханасында қайтыс болған еді.