Қазақстан Президенті Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақты аралап көрді

Қазақстан Президенті Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақты аралап көрді
Алматы қаласы
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Бас ботаникалық бақты қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына қаланың дамуы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берді.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматының экологиялық жағдайы туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар «Верный капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов Алматы дендрариясын қайта жөндеу жобасының ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қорының бірлескен жұмыстарын жоғары бағалады. Мемлекет басшысы  ботаникалық бақтың қала тұрғындары мен қонақтары үшін бұрынғыдай негізгі демалыс орындарының біріне айналуы қажет екенін айтты.

– Ботаникалық бақ – алматылықтар мен қазақстандықтар үшін, әсіресе осында туып өсіп, жастық шағын өткізгендер үшін танымал жер. Алматы тұрғындарын осы аумақты сақтауға, оған өз үйіндей қарауға шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.

https://www.akorda.kz/kz/events/astana_kazakhstan/working_trips/kazakstan-prezidenti-almaty-kalasyndagy-bas-botanikalyk-bakty-aralap-kordi

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *