Қытайда өткен тәулікте бір адамнан ғана COVID-19 анықталған

Қытайда өткен тәулікте бір адамнан ғана COVID-19 анықталған

Фото: REUTERS

Фото: REUTERS

Қытайда өткен тәулікте бір адамнан ғана коронавирус анықталған. Бір тәулікте бірде-бір адам қайтыс болмаған, керісінше 87 адам вирустан айыққан, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Қытайдың Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Мемлекеттік комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, Шанхайда ғана бір адамнан COVID-19 анықталған. Ол шетелден келген болып шықты.

Осылайша, бүгінде Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 82 881-ге жетті, 77 853 адам айығып, 4 633 адам қайтыс болған. 395 науқас ауруханада ем алып жатыр, олардың 29-ы ауыр жағдайда жатыр екен.

Ал, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 4049-ға жетті, айыққандардың саны — 1 173, қайтыс болғандардың саны — 29.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *