ШЫМКЕНТТЕ 31 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТӨЛЕНДІ

ШЫМКЕНТТЕ 31 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТӨЛЕНДІ

 

Шымкент қаласында биыл 11 айда 31 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, бұл мақсатқа биылғы жылы Шымкентке республикалық және жергілікті бюджет есебінен жалпы 17,9 млрд. теңге бөлінген.

Осы уақыт аралығында 26766 отбасыға шартты, 4 176 отбасыға шартсыз ақшалай көмек көрсетілген. Мемлекеттік атаулы көмек бұл ай сайынғы табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларды қолдау үшін көрсетіліп отырған қаржылай жәрдем болып табылады.

Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-6 жас аралығындағы балалары кепілдендірілген әлеуметтік топтамалармен де қамтамасыз етілуде. Шымкенттегі тұрмысы төмен отбасы балаларын кепілдендірілген әлеуметтік көмекпен қамту үшін 1841,2 млн.теңге бөлініп, жыл басынан бері оларға азық-түлік және тұрмыстық заттар жиынтығы үлестіріліп келеді.

 

Тақырыпқа қатысты туындайтын қосымша сұрақтар бойынша 8/7252/27-71-29 нөміріне хабарласуға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *