Кәсіпкерліктің даму қарқыны

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерліктің алатын орны ерекше және бұл сала елімізде қарқынды даму үстінде. Бүгінгі күнде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту кез-келген тұлға үшін мейлінше жеңілдетілген және бұл саланы дамытудың негізгі бағыттарының бірі- жұмыссыздық деңгейін төмендету. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген яғни, бизнес инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, кәсіпкерлік әлеуметтік критерий мен тиімділік критерийіне сай келеді.  Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның  бүгiнгi  экономикасында  лайықты орын алуда.

2018 жылғы 1 шілдегі жағдай бойынша Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны өткен жылғы тиісті кезеңдегі сәйкес мерзіммен салыстырғанда 3,9%-ға өсті. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 65%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 18,5%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 16,3%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар– 0,2%-ды құрады. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша жалпы саны -139 357 ШОК субъектілер тіркелген. Оның ішінде: шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар- 10 215 (7,32%), орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар- 46(0,03%), дара кәсіпкерлер – 61 359 (44,02%), шаруа немесе фермер қожалықтары — 67 783 (48,63%). Облыс көлемінде шағын және орта кәсіпкерліктердегі жұмыспен қамтылғандар саны-  326 296 адамды құрап отыр (Диаграмма №1).

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама», «Бизнестің жол картасы-2020», «Нұрлы жол», «Өнімділік-2020», «Экспорт-2020», «Агробизнес-2020» және т.б көптеген мемлекеттік бағдарламалар қолға алынған. Бағдарламалардың нәтижесі көз қуантарлық.

ШОК-ты дамытуда 2018 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша микрокредиттік ұйымдардың саны-91. Оның ішінде:   тіркелгендер-91 (қалалық-42, ауылдық-49), жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізушілер-40 (қалалық-19, ауылдық-21), белсенділер- 23 (қалалық-11, ауылдық-12). (Диаграмма №2).

Ел экономикасын дамытудың бірден-бір тетігі — шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін арттыру. Осы мақсатта түрлі мемлекеттік бағдарламалар да қабылданды. Нәтижесі жаман емес.  Мәселен, биылға (2018 жыл) дейін «Бәйтерек» холдингі мен «Даму» қорының қолдауымен Оңтүстікте 111 жоба сәтті жүзеге асты. Солардың бірі – Түлкібас ауданында полиэтилен құбырларының сан түрін шығарумен айналысатын «Стас и К» серіктестігі.

Диаграмма №1

Диаграмма №2

Мәліметтер ҚР Статистика комитетінің (http://stat.gov.kz), ҚР Кәсіпкерлерге арналған бірегей мемлекеттік бизнес-портал (http://www.business.gov.kz) және Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайттарынан (http://ontustik.gov.kz) алынды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *