Спорт саласының қарқыны зор

   2018 жылдың 01 мамырында Түркістан облысының тұрғындар саны 3 млн-ға жуықтаған (2 950 554 адам). 2018 жылдың І жарты жылдық есебі бойынша дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар көресткіші тұрғындардың 30% (яғни, 805 мыңнан астам) құрап отыр.

2016 жылы Оңтүстік спортшылары жалпы саны 1375 медаль қанжығаға байлаған. Оның ішінде: Республика чемпионаттарында-         394 алтын, 389 күміс, 385 қола; Азия чемпионаттарында- 41 алтын, 41 күміс, 35 қола; Әлем біріншілігінде- 45 алтын, 19 күміс, 26 қола.

Сонымен қатар, 2017 жылы бұл көрсеткіш 79 (0,6%) медальға артқан яғни, 1454 медаль. Оның ішінде: Республика чемпионаттарында- 400 алтын, 396 күміс, 393 қола; Азия чемпионаттарында- 78 алтын, 53 күміс, 42 қола; Әлем біріншілігінде-     34 алтын, 21 күміс, 37 қола.

Ал, ағымдағы жыл басынан бері яғни, І жарты жылдықта                1298 медаль иеленген. Оның ішінде түрлі деңгейлерде: 432 алтын, 387 күміс, 479 қола медаль. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 90%-ды құрап отыр. 2018 жылдың 18 тамыз – 02 қыркүйек аралығында өтетін Азия ойындарына яғни, Азиада XVIII-ге өңірімізден 20 спорт түрінен 51 спортшы барғалы отырғанын ескерсек, бұл көрсеткіш мейлінше арта түсетіні анық. Аталмыш іс-шара Индонезияның астанасы Джакартада және Суматра аралының ең үлкен қаласы Палембангте өтеді.

Бүгiнде облысымызда спорт нысандарының саны 5472-ке жеттi. Облыстық деңгейдегi 28 спорт мектебi, қалалық және аудандық деңгейдегi 59 спорт мектебi жұмыс iстеп тұр.  Және жыл басынан бері 2 712 спорттық іс-шаралр өткізіліп, оған 345 мың адам қамтылды.

Демек, облысымызда дене шынықтыру және спорт саласы қарқынды дамып, өз нәтижелерін беруде.

Түркістан облысында 60 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оларға көрсетілетін көмектен бөлек, салауатты өмір салтын ұстанумен қатар, түрлі спорт түрлерінен де, түрлі деңгейлердегі жарыстарға қатысу жағдайлары қарстырылған. Түркістан облысында мүгедектерге арналған кешенді спорт мектебі жұмыс жасайды. Сонымен облысымыз бойынша мүгедк спортшылар саны – 4076. Және спортшылар түрлі дегейлердегі спорт жарыстарына белсене қатысып, жүлделі орын иемденіп жатыр.

(Диаграмма- 1)

 

Мәліметтер ҚР Статистика комитетінің (http://stat.gov.kz), ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің (http://www.kk.sport.gov.kz), Түркістан облысы әкімдігінің (http://ontustik.gov.kz) және  Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайттарынан (http://oblsport_uko@mail.ru)алынды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *