ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ДРЕНАЖ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ДРЕНАЖ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Түркістан облысы Шардара ауданында «Ирригациялық дренаж жүйелерін жетілдіру-2» республикалық бағдарламасы аясында 20630 гектар суармалы егістік алқаптарындағы ағын су нысандарын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа
өткен жылы үкімет тарапынан 23 млрд. 374 млн. теңге қаржы қаралып, осы қаржының 70 пайызы ҚР Үкіметі тарапынан, 30 пайызы «Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі» тарапынан қаржыландыру қарастырылған болатын.


Мұндағы құрылыс жұмыстарын жүргізу құқығын израилдік «Тахал» ЖШС мекемесі мен қызылордалық «Мелиоратор» ЖШС-гі жеңіп алып, бүгінде өз жұмыстарын бастап кетті.
Жалпы жоспар бойынша аудандағы 12 530 гектар суармалы егістік жерлердің бойында орналасқан 311 шақырымды құрайтын каналдар тазаланып, қаптау жұмыстары (облицовка) жүргізіледі. Сондай-ақ, 1585 дана гидроқұрылыстар (ағын су тоспалары, су өлшегіш қондырғылар) салынатын болады. Сонымен бірге, 404 шақырым ағын су қашыртқылары тазаланып, оның ішінде 198 дана ағын су құрылыстары ауыстырылып, 10 шақырым электр желісі тартылады. Бұдан бөлек, 1 дана дизельді насос, 1 дана электрлі насос 2 жерге орнатылмақ.


Бүгінгі таңға мердігер «Мелиоратор» ЖШС мекемесі тарапынан Қызылқұм ауылында орналасқан 6 – Р – 1 каналы бойындағы әртүрлі деңгейдегі ағын су қашыртқыларының 40 шақырымдық көлемі тазалаудан өткізілді. Сондай-ақ, Алатау батыр ауыл округінде «Тахал» ЖШС мекемесі тазалау жұмыстарын жүргізуде.

 

Қазірдің өзінде ОК -1, ОК -1 – 2 ағын су қашыртқыларының 17 шақырымы толық тазалаудан өткен.
Сонымен қатар, Шығыс және Батыс қашыртқылары арқылы жиналып, қосылған ағын суды «Көксарай» су реттегішінің төменгі сағасы арқылы Сырдария өзеніне қосу және сол жерге қосымша 19,3 шақырым жерге ағын су қашырқысын салу жоспарлануда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *