ТҮРКІСТАН: КОЛЛЕДЖДЕР 15300 ГРАНТҚА ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: КОЛЛЕДЖДЕР 15300 ГРАНТҚА ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАП ЖАТЫР
Возможно, это изображение 2 человека, отдел новостей и текст «й колледж профессионального обучения>> ы-курылыс колледжи> мккк анитарно-технический колледж имени гани муратбаева>> сший многопрофильный ремесленный колледж" 27 17 15 347 3 тажбаее c даулету»
Түркістан облысындағы колледждер үшін мемлекеттен 15 300 грант бөлініп отыр. Қазіргі таңда барлық арнаулы оқу орындары талапкерлердің құжаттарын қабылдауда. Алайда бұл мерзім 20 тамызда аяқталатынын ескерген жөн. Жауапты басқарма және колледж директорларымен арнайы мәжіліс өткізген облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев әрбір ауылға дейін үгіт-насихатты белсенді түрде жүргізуді тапсырды.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
– Өңірімізде демографиялық ерекшелігіне сай мемлекет тарапынан колледждерге гранттар бөлінді. Енді осы гранттарды толық игеру керек. Ауыл-аймақтарға насихат жүргізіп, жастарды тегін оқуға шақырыңыздар. Кейбір ата-аналар, жастар бұл мүмкіндіктен хабарсыз болуы мүмкін. «Жастар орталықтарымен» бірлесе жұмыс атқарыңыздар. Бізге жастардың білім алып, мамандыққа ие болып, жұмыс істегендері маңызды, – деді Бейсен Тәжібаев.
Возможно, это изображение экран и текст
Мәжілісте колледж директорларының ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Сонымен бірге Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы, Дін істері басқармасының басшылары да пікірлерін айтып, бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Білімге жауапты басқарма тарапынан колледжер мәселесі тұрақты бақылауда болады.
Возможно, это изображение 9 человек и больница
Түркістан облысының арнаулы оу орындарына 2023-2024 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс аясында 15300 орын бөлінген. Республикалық бюджеттен – 14618, жергілікті бюджеттен Облыстық денсаулық басқармасының ұсынысы бойынша медицина саласына – 650, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұсынысымен ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар қатарынан білікті кадрларды даярлайтын Кентау қаласындағы арнаулы кәсіптік колледжде 31 орын қарастырылған. Студенттерге 21787 теңге көлемінде стипендия төленеді. Ал экологиялық аймақтарда стипендия 27 мың теңгеге жетеді.
Возможно, это изображение 12 человек и текст
2023 жылғы қаңтар айынан бастап барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жұмысшы мамандықтарды дәріптеуде кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар наурыз-сәуір айларында облыстағы барлық орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып түлектері мен ата-аналары үшін колледждер «Мамандықты дұрыс таңдайық» атты көшпелі үгіт-насихат жүргізілді. Колледждерде 9-11 сынып оқушылары үшін дәстүрлі «Менің болашақ мамандығым» атты ашық есік күндері ұйымдастырылды.
Возможно, это изображение 11 человек и текст
Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаевтың айтуынша, барлық аудан, қалада оқу орындарына бөлінген гранттар, «Серпін» және өзге де мемлекеттік бағдарламалар бойынша үгіт-насихат жүргізілген.
Возможно, это изображение 7 человек, офис и текст
Мемлекеттік тапсырыс бойынша тұлғалар арасындағы конкурс «BilimLand» ЖШС-нің SmartNation College ақпараттық жүйесі арқылы іске асырылады. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның 22.06.2023 жылғы шешімімен мемлекеттік тапсырыс орналастырылатын 43 колледждің тізбесі анықталды.
Возможно, это изображение 1 человек, отдел новостей и текст
Адами әлеуетті дамыту басқармасының сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшасында қабылдау бойынша инфографикалар мен ақпараттық түсіндірме бейнероликтер жарияланып, өңірлік call-орталық құрылды.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Талапкерлердің өтінімдерін қабылдау колледждердің қабылдау комиссияларында және «Электрондық үкіметтің» www.egov. kz вeб-порталы арқылы жүргізілуде.
Возможно, это изображение 6 человек и текст
SmartNation платформасында 20.07.2023 ж жалпы 4138 өтінім тіркеліп, оның өңделгені – 3738. Соның ішінде, 9 сынып бойынша – 3067 құжат, 11 сынып бойынша 942 құжат қабылданған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *