БІРІНШІ БАСТАМА: «ӘРБІР ОТБАСЫНА БАСПАНА АЛУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІН БЕРУ»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сүйене отырып 2018 жылғы қаңтар-маусымында Түркістан облысында көлемі 202375 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілген, бұл тұрғын үйді пайдалануға бер республикалық деңгейде 3,5%-ды құрады. Тұрғын үйді xалыққа барынша қолжетімді ету үшін 2018 жылдың 5-наурызында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің бірінші бастамасы «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» аясында «7-20-25» бағдарламасы бойынша облыс халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы Түркістан облысы әкімдігінің ресми ақпараттық сайты «ontustik.gov.kz» мәліметіне сүйене отырып қазіргі таңға дейін 11 нысанның құрылысы аяқталып пайдалануға берілген және  жеке салушылар арқылы 360 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның жалпы аумағы — 18,6 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 71-ін пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Қалған 101 нысанның құрылысы 2019 жылға өтпелі.  Нәтижесінде миллионнан астам халық мекендейтін Түркістан облысында  әрбір отбасына баспана алудың қол жетімділігі артатын болады. Сонымен қатар, жаңа құрылыс болған жерде жаңа жұмыс орындарыда ашылады бұл экономиканың, шағын және орта бизнестің өрістеуіне жұмыс істейді.

Республикалық деңгейдегі тұрғын үйді пайдалануға беру (Кесте-1, Диаграмма-1)

Кесте-1

2018 жыл Көлемі  ш.м. Халықпен
1. Қазақстан Республикасы 5808743 3111405
2. Ақмола 248424 154026
3. Ақтөбе 275857 166780
4. Алматы 315646 302553
5. Атырау 333911 277877
6. Батыс Қазақстан 234699 177598
7. Жамбыл 212905 195765
8. Қарағанды 166859 68435
9. Қостанай 147310 53606
10. Қызылорда 228050 228050
11. Маңғыстау 694486 436664
12. Түркістан 202375 198253
13. Павлодар 81117 36831
14. Солтүстік Қазақстан 59703 36912
15. Шығыс  Қазақстан 173331 61982
16. Астана қаласы 1278031 59083
17. Алматы қаласы 935936 577693
18. Шымкент қаласы 220103 79297

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *