Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығының дамуы

ҚР Ұлттық экономика минстрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2018 жылдың 1-жартыжылдықта тұтастай республика бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 1 012,1 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңінің деңгейінен 4%-ға жоғары. 2018 жылдың 1-жартыжылдықта ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі – тірі салмақтағы мал мен құстың сойылған көлемінің – 5%-ға, шикі сиыр сүті сауымының – 3%-ға ұлғаюымен, алынған тауық жұмыртқасы санының – 14,3%-ға өсуімен байланысты болып тұр.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 6 айында Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 146,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,4 млрд. теңгеге артқаны байқалады. Республикада өнім көлемі бойынша облысымыздың үлесі 14,6 %-ға жетіп, 2-орынды иеленіп отырса. Ал ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 68,6 млн. АҚШ долларын құрап 18,2 %-ға артқан (1-кесте).

1-кесте

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

Пайыздық көрсеткіш (%)

1.

Ақмола 69 852,1

6,9

2.

Ақтөбе 72 970,5

7,21

3.

Алматы 177 078,2 17,5
4. Атырау 19 995,5

1,9

5.

Батыс Қазақстан 44 417,0 4,4

6.

Жамбыл 55 372,6 5,5

7.

Қарағанды 72 729,6

7,2

8. Қостанай 72 223,2

7,1

9.

Қызылорда 17 477,3 1,7
10. Маңғыстау 5 315,2

0,5

11.

Түркістан 147 147,9 14,6
12. Павлодар 53 366,1

5,3

13. Солтүстік Қазақстан 62 143,4

6,2

14.

Шығыс Қазақстан 127 600,0 12,5
15. Астана қаласы 1 250,6

0,1

16.

Алматы қаласы 2 062,4 0,2
17. Шымкент қаласы 11 106,5

1,1

«2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 4686,4 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34 %-ды құраған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 448 мың гектар суармалы жерді игеру жоспары қазіргі таңда 3,3 %-ға артығымен орындалған. Бұдан өзге, биыл ауыл шаруашылығы саласындағы барлық техникалардың 6,2 %-ы жаңарған деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің «ontustik.gov.kz» ресми ақпараттық сайты. Сонымен қатар, бүгінгі таңда өңірде 60 мыңнан аса үй шаруашылықтары мен шағын фермер мүшелерінен құралған 704 ауыл шаруашылығы кооперативтері тіркеліп, жұмыстарын жүргізуде екені анықталды.

2017 жылдың 1-жартыжылдығында Республика көлемінде Түркістан облысында ауыл шаруашылығы 139133,9 млн. теңгені құраса 2018 жылдың есепті мерзімінде 2%-ға артып 147147,9 млн. теңгені құраған (1-диаграмма).

1-диаграмма. Түркістан облысыындағы 2017-2018 жылдардағы ауыл шаруашылық дамуы

 

Статистикалық мәліметтерге сараптама жүргізу нәтижесінде Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің серпіні жылдан-жылға артып отырғанын байқадық (2-диаграмма).

2-диаграмма. Жылдар бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің серпіні, млрд. теңге

Ескерту: 2013-2017 жылғы деректер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 9 қарашадағы № 175 бұйрығымен бекітілген «Ауыл, орман және балық шаруашылықтары өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымын есептеу әдістемесіне» сәйкес қалыптастырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *