Головкиннің келесі жекпе-жегінің уақыты мен орны аталды
Головкиннің келесі жекпе-жегінің уақыты мен орны аталды
Фото Тұрар Қазанғапов ©
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін 21 қарашада өткізеді. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинер мәлімдеді, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
GGG-дің қарсыласы IBF титулына міндетті үміткер Камил Шеремета (21-0, 5 KO) болады. Жекпе-жекті DAZN стриминг сервисі көрсетеді.
Бастапқыда GGG ақпанда рингке оралады деп хабарланған, бірақ кейін жекпе-жек күні наурызға ауысқан. Ақпанда оқу-жаттығу лагері кезінде Головкин аяғын жарақаттағаны белгілі болды, сол себепті ол Шереметамен жекпе-жекті кейінге қалдырған.