Қазақстандық дәрігерлер зейнетақы жарнасы мен салықтан босатылды
Қазақстандық дәрігерлер зейнетақы жарнасы мен салықтан босатылды
© Sputnik / Абзал Калиев.
Індетпен күреске тартылған ақхалатты жандар міндетті зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдерді аудармайды
Коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлері салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылды, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы, деп хабарлады Sputnik тілшісі.
«Осы жылдың 1 наурызынан бастап коронавируспен күреске тартылған медицина қызметкерлері салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылды. Шешім үкіметтің 20 сәуірдегі қаулысына сәйкес қабылданды», -делінген хабарламада.
Атап айтсақ, олар:
- төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан;
- әлеуметтік салықтан;
- міндетті зейнетақы жарнасынан;
- әлеуметтік аударымдардан;
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасынан босатылды.
Бұған дейін індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге үстемеақы бекітілді. Қосымша ақы үш ай бойы төленеді.
Үстемеақы алатын медицина қызметкерлерінің тізімі:
«Қауіптілігі аса жоғары» — жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы — 850 мың теңге;
Тағы оқыңыз: Вице-министр 42 500 теңгені кімдер екінші рет алмайтынын айтты
«Қауіптілігі жоғары» – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Оларға 425 мың теңге төленеді;
«Қауіптілігі орташа» – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстемеақы 212,5 мың теңге шамасында.
Бұдан бөлек, медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алған жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге төленеді. Егер қайтыс болса, 10 миллион теңге өтемақы қарастырылған.
https://sputniknews.kz/society/20200421/13755783/darigerler-zeinetaqy-salyq.html