Қазақстанда коронавирус жұқтырған оқушылар саны 180-нен асты
Қазақстанда коронавирус жұқтырған оқушылар саны 180-нен асты
73 оқушының 12-сі стационарда ем қабылдап жатыр, олардың жағдайы орташа. Ауыр жағдайда жатқандар жоқ
Қазақстанда 184 оқушы індетке шалдықты. Оның ішінде 73 бала кезекші сыныптарға барып жүрген. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Қазіргі таңда 184 оқушы коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 73 бала кезекші сыныптарда оқыған», — деді Ғиният онлайн баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, індетке шалдыққандардың дені- Шығыс Қазақстан облысында. Бұл өңірде 17 мектепте барлығы 21 оқушы тіркелген. Әр білім ошағында бір-екі жағдайдан анықталды.
Екінші орында — Солтүстік Қазақстан облысы, 15 оқушы дертке шалдыққан. Қалғандары басқа облыстарда.
Вице-министр 73 оқушының 12-сі стационарда ем қабылдап жатқанын айтты, олардың жағдайы орташа. Ауыр жағдайда жатқандар жоқ.
https://sputnik.kz/society/20201014/15193450/koronavirus-okushylar-180.html