ТҮРКІСТАН: ТАҒЫ 5 АДАМ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТАҒЫ 5 АДАМ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛДЫ

21 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысында тағы 5 адам індеттен айығып, жалпы облыс бойынша жазылғандар саны 18-ге жетті.

Ордабасы ауданының 2002 ж. тұрғыны, Кентау қаласының 1994 ж.  тұрғынының соңғы талдама нәтижелері теріс көрсеткішке ие болды. Сондай-ақ, Арыс қаласының 1968 ж. 1988 ж. тұрғындары мен Арыс қаласының  2015 ж. сәбиі  COVID-19 инфекциясын жеңіп шыққаны белгілі болды.

Атап өтейік, Ордабасы ауданының азаматы вирусты Шымкенттен жұқтырса, қалған 4 азамат Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы поезбен келген әйелмен жақын байланыста болған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *