ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 42500 ТЕҢГЕ ТӨЛЕМДІ 390 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ АЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 42500 ТЕҢГЕ ТӨЛЕМДІ 390 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ АЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 42500 ТЕҢГЕ ТӨЛЕМДІ 390 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ АЛДЫ

Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға арналған әлеуметтік 42500 теңге төлемді Түркістан облысында 386 239 азамат алып үлгерді. Жалпы бүгінгі таңда 522 096 тұрғынның өтініші тіркеліп, 434 598 азаматқа төлем тағайындалып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ филиалы директорының міндетін атқарушы Дәурен Байырбеков мәлімдеді.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева 42500 теңге төлемді студенттердің алуына болатынын айтты.
«Егер студент бос уақытында жұмыс істеп, ресми түрде зейнетақы жүргізген болса, жәрдемақы алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, студент азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істеген болса және студентке жұмыс беруші тарапынан әлеуметтік жарналар төленген болса, сондай-ақ бейресми өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат ретіне бірыңғай жиынтық төлем жасаса, жәрдемақыға үміткер бола алады. Ал бала күтіміне байланысты декреттік демалыстағы әйелдер бала 1 жастан асқаннан кейін ғана 42500 теңге тағайындалады. Бұл азаматшалар өтініш беру алдында бірыңғай жиынтық төлем жасауы тиіс», — деді Әсия Құралқызы.
Басқарма басшысының айтуынша, төтенше жағдай созылған сайын, ай сайын төлем жүретін болады. Сондай-ақ, жәрдемақыны үшін ай сайын бірыңғай жиынтық төлем жасаудың қажеті жоқ.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *