Олимпиадада Қытай атынан өнер көрсеткен этникалық қазақ сұлулығымен көпті тәнті етті
Олимпиадада Қытай атынан өнер көрсеткен этникалық қазақ сұлулығымен көпті тәнті етті
© instagram/ahnaeradake
Ардақ 1999 жылы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келген. Ол 1 маусымда 23 жасқа толады. Қыздың әкесі қайтыс болған, анасы мұғалім болып жұмыс істейді.
Ол сұхбаттарының бірінде өзінің спортқа деген қызығушылығы белгілі қытайлық конькимен жүгіруші, ал қазір жаттықтырушысы Синь Циньшаньге байланысты туындағанын айтқан. Жаттықтырушы оның спортта дамуына көмектескен.
Ардақ қаңтарда Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу барысында 3000 метр және 5000 метр қашықтықта екі мәрте бірінші орын алған. Сөйтіп, ұлттық құрамаға қосылған.
Ол Олимпиадада 3000 метр қашықтықта бір рет өнер көрсеткен. Нәтижесі — 17-орын. Спортшының алда медаль алуға тағы екі мүмкіндігі бар — 1500 және 5000 метр.