«Жылу ақысын өзіміз төлейміз» — Түркістан қаласының әкімі

«Жылу ақысын өзіміз төлейміз» — Түркістан қаласының әкімі

Төрт күндік жылу ақысын халықтан жинамайтын болды.

Түркістан қаласының әкімі төрт күнге берілген жылу ақысын халықтан жинамай, кәсіпкерлермен бірлесіп төлейтінін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюповтың үндеу жасады. «Қазіргі кезде ең алдымен бір-бірімізге қолдау көрсете білуіміз қажет. Жақында күн күрт суытып, көпқабатты үйлерге бірнеше күнге жылуды қайта қосқанымызды білесіздер. Тұрғындар жылуға мұқтаж болғанымен, біразына 4 күндік ақы ауыртпашылық тудыруы мүмкін. Осы ретте, жергілікті кәсіпкерлермен ақылдаса келе, 4 күндік жылу ақысын тұрғындар төлемей, бірлесіп қолдау ретінде, өзіміз төлейміз деген шешім қабылдадық. Бұған қоса, бүгінгі жиналыста білім басқармасына кей балалардың тапсырмаларды уақытылы орындай алмағаны үшін төмен баға қоймауларын айттым. Біздің балаларға да бұл кезең оңайға түсіп тұрған жоқ. Түсіністікпен қарап, үйреніскендерінше уақыт бергеніміз абзал», — делінген әкім үндеуінде.
http://ernur.kz/turkistan-oblysy/zhylu-akysyn-ozimiz-toleimiz—turkistan-kalasynyn-akimi

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *