Түркістан облысы прокуратурасының жастарды қолдау А К Ц И Я С Ы

14 қаңтар күні Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров ынтымақтастық пен серіктестік туралы Меморандумға қол қою мақсатында Түркістан және Шымкент қалаларында орналасқан жоғарғы оқу орындарының басшыларымен кездесті.

Бұл — Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған бастамасын жүзеге асыру шарасы болып табылады.

Меморандум негізінде тараптар арасында тығыз байланыс орнап, студенттерге прокурорлық қызметтің ерекшеліктерін тереңірек білу жағдайы туындайды, ал қадағалау органдарына прокуратура органдарындағы қызметтік бос орындарға үміттенуші үздік студент – құқықтанушылардың тізімін қалыптастырып, оны қанағатандыруға жол ашылады.

Осы мақсатта облыс прокуратурасында жоғары оқу орындарының студенттері арасында Түркістан облысы прокурорының кубогы мен «Құқық саласындағы үздік студент» атауларына байқайлар жарияланды.

Байқау үш кезеңнен өткізіліп, әр кезеңде қатысушының білімі мен білгірлігі, шешендігі мен алғашқы таныстыру шеберліктері бағаланады.

Аталған байқаудың қорытындысын үстіміздегі жылдың 24 сәуірі күні шығару жоспарлануда.

Түркістан облысы прокурорының бұл бастамасын жоғарғы оқу орындарының басшылары қолдап және ризашылықтарын білдіріп,өзара тиімді бірлескен жұмыс жүргізуге дайын екендерін жеткізді.

Түркістан облысының прокуратурасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *