ШЫМКЕНТТЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМДЫ
ШЫМКЕНТТЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМДЫ
Бұл туралы тікелей эфирде өткен брифингте Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова хабарлады.
А.Бекбауованың айтуынша, 1962 жылы туған науқас Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылының тұрғыны.
Жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген азамат 11 сәуірде Бозарық шағынауданындағы блокбекетте тоқтатылып, жедел жәрдем көлігімен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Жағдайының ауырлығына орай, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Қосымша артериалдық гипертензия ауруымен диспансерлік есепте тұрған науқасқа хаттамаға сай емдеу шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген.
Жүргізілген емдеу шараларына қарамастан науқас 14 сәуір күні таңғы сағат 07.00-де қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының реанимация бөлімінде көз жұмған.
Науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы оқшауланып, стационарға жатқызылған.
Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы