Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандарға бес күн ішінде аурухана салу жоспарланып отып

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандарға бес күн ішінде аурухана салу жоспарланып отыр

Өзбекстанда коронавируспен күресу мақсатында ауруханалар салына бастады. Алғашқы ауруханалардың бірі бес күн ішінде пайдалануға берілмек, — деп хабарлады    tengrinews.kz  «Газета.uz» сілтеме жасап

Фото: "Узбекистан 24"

Дереккөз мәліметінше, жаңа үш аурухананы Ташкентте салу жоспарланып отыр, сондай-ақ, Өзбекстанның басқа облыстарында да ауруханалар салынатыны айтылады.

Жергілікті телеарналар алғашқы аурухананың бірі Жоғарғы шыршық/ Юкоричирчикском / ауданында    ал екіншісі Зәңгіата  /Зангиатинском/ ауданында салынатынын хабарлайды.

Өзбекстанның құрылыс істері министрі Батыр Зәкіровтің айтуынша, президенттің тапсырмасы бойынша елде тез арада ауруханалар салу жоспарланды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 65 адамға жетті.

https://kaz.tengrinews.kz/world_news/ozbekstanda-koronavirus-juktyirgandarga-bes-kun-shnde-306605/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *