7 мыңға жуық қазақстандық карантинде жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа байланысты елімізде қанша адамның карантинде жатқанына қатысты мәліметті жариялады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Министрліктің мәліметі бойынша, бүгінде 6 963 қазақстандық карантинде жатыр. Оның 2 164-і стационарлық, ал 4 799-ы үй карантинінде.
Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтарғандардың саны 97-ге жетті.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам, Алматы қаласында — 34 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам», — делінген денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Екі күннің ішінде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 25-ке өскен Осылайша, стационарлық каратинде жатқандар 459-ға, үй карантиндегілер 1806 адамға артты.
Осыған дейін Қазақстанда екі науқастың коронавирустан жазылғанын хабарлағанбыз. Олар бүгін ауруханадан шығарылады.
Айта кетейік, 16 наурыздан бастап, елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/7-myinga-juyik-kazakstandyik-karantinde-jatyir-306607/