ҚР Президенті: Елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда
ҚР Президенті: Елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бәріміз бірге жұмыла күрессек коронавирусты жеңеміз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Коронавирусқа шалдыққан екі азаматымыз емделіп, ертең ауруханадан шығады. Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда.
Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Ең бастысы – уайымдамай, дәрігерлердің талаптарын орындау», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
ҚР Президенті коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан қызметкерлерге алғыс білдірді.
«Халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге ризашылығымды білдіремін.
#Birgemiz!», — деді Президент. Еске сала кетсек, Қазақстанда екі емделуші коронавирустан жазылған еді.
https://www.inform.kz/kz/kr-prezidenti-eldegi-epidemiyalyk-zhagday-bakylauda_a3629269