Президент әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын көмекке бөлді
Президент әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын көмекке бөлді
Қазақстан президенті әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын еліміздегі коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күреске көмек ретінде аударатын болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Қазақстан президенті әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын еліміздегі коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде аударуға шешім қабылдады. Аударылған қаражат елорда мен Алматы қалаларының пандемия салдарын өз бастарынан өткерген тұрғындарға беріледі.
Сонымен қатар жиналған қаржы коронавирусқа қарсы күреске атсалысып жатқан медицина қызметкерлерін ынталандыруға да жұмсалады. Бұл қаражаттың бір бөлігін жұқпалы аурулар ауруханаларын қолдауға, маскалар мен басқа да қажетті қорғаныш құралдарын сатып алуға жұмсау жоспарлануда. Бұдан бөлек балалар үйлеріне де көмек көрсетіледі», — деді ол.
https://kaz.nur.kz/1846558-prezident-kimsiligini-kyzmetkerleri-birkndik-ebekakylaryn-kmekke-bldi.html