Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленеді
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленеді
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленіп жатыр, — деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.
Вакцина әзірлеумен Ұлттық биотехнология орталығы мен биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының мамандары айналысып жатыр.
«Әлемнің көптеген елі өз вакцинасын әзірлеу туралы жариялады, алайда бұл олардың барлығы клиникалық сынақтан өтуді талап етеді және бір жылдан кем уақытта аяқталмайды. Вакцина алынғанға дейін COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу маңызды. Бұл мемлекет қабылдаған шараларға ғана емес, әрбір адамға да байланысты. Сондықтан барлық алдын алу шараларын сақтау қажет», — делінген хабарламада.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-koronaviruska-karsyi-vaktsina-azrlened-306442/