Қазақстанда тағы 5 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда тағы 5 адам коронавирус жұқтырды

Тағы бес адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«20 наурыз 08:30-дағы жағдай бойынша Қазақстандағы коронавирус жұқтыру туралы. Коронавирус жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Бүгінде елде барлығы 49 адам, оның 22-сі Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екі адам Қарағандыда тіркелді», -делінген хабарламада.

Қарағандыда екі адамнан коронавирус анықталды

Бұған дейін барлығы 44 адам болған еді, Алматыда — 19, Нұр-Сұлтанда — 25 адам тіркелген. Стационарлық карантинде 860, үй карантинінде 2611 адам жатыр.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-tagyi-5-adam-koronavirus-juktyirdyi-306411/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *