1 МЛРД.534 МЛН. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНЫП, 775 МЛН. ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ

1 МЛРД.534 МЛН. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНЫП, 775 МЛН. ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ

Шымкент Қаласының Полиция Департаменті басшысы Ералы Жұмаханбетовтың мәлімдеуінше қоғамдық орындарда жасалған қылмыс 4212–ден 4121-ге, яғни 2 пайызға, ал көшелерде орын алған құқық бұзушылық 2339-дан 2185-ке, яғни 7 пайызға азайған.


Отбасы тұрмысында жасалған қылмыстар 12-ден 29-ға яғни 141 пайызға, сотты болғандармен жасалған қылмыстар 692-ден 827-ге яғни 19 пайызға, мас халде жасалған қылмыстар 233-тен 276-ға, яғни 18 пайызға өскен.
Анықталған әкімшілік құқықбұзушылықтар 77 пайызға жоғарылап, бүгінгі таңда 1 млрд 534 млн теңгеге айыппұл салынып, 785 млн 778 мың теңге өндіріліп, өндіру пайызы 50-ден 51-ге жоғарылаған.
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар 188-ден 137-ге, яғни 27 пайызға азайды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *