Қапшағайда жарылыс болды: Бір адам қаза тапты

Қапшағайда жарылыс болды: Бір адам қаза тапты

Қапшағайда, кеше металл сынықтарын қабылдау пунктінде жарылыс болды. Белгілі болғандай, оқиғадан бір адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қапшағайда жарылыс болды: Бір адам қаза тапты

Көрнекі фото: pixabay.com

Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, үш жігіт металл қабылдау пунктіне металл сынықтарын алып келген, ал олардың арасында әуеснаряды болған. Болжам бойынша, жарылыс снарядтың салдарынан орын алған.

Металл сынықтарын өткізген адамдар да қабылдау пунктінің иесі де ұсталды.

Ведомствода снарядтың оқу полигоны аумағынан заңсыз шығарылуы мүмкін екені атап өтілді. Оқу- жаттығулардан кейін полигон аумағы тазартылады, бірақ жекелеген снарядтар мен сынықтар жерде қалуы мүмкін.

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алматы облысында жарылыс болып, бір адам қаза тапқан еді.

Газбетондарды өндіру үрдісі кезінде үлкен қысым салдарынан автоклав істен шығып, жарылыс орын алған. Нәтижесінде цех жартылай қирап қалған.

Оқиға орнында 1961 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Оған қоса, төтенше жағдай орнынан түрлі жарақат алған үш адам ауруханаға жеткізілген еді.

https://kaz.nur.kz/1845492-kapsagajda-zarylys-boldy-bir-adam-kaza-tapty.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *