Қазақстанның әуе компаниялары ұшуды шектеді

Қазақстанның әуе компаниялары ұшуды шектеді

Қазақстанның әуе компаниялары ұшуды шектеді
Air Astana компаниясы төтенше жағдай мерзімі аяқталғанша ұшуды шектейді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл барлық халықаралық бағыттағы рейстерге де қатысты шешім. Алайда шетелде жүрген Қазақстан азаматтары елге орала алады. Әуе компаниясының рейстері тоқтатылған жолаушылармен байланыс орнатып, олардың оралуына мүмкіндік қарастыратынын мәлімдеді. Сонымен қатар SCAT әуе компаниясының да ұшу кестесіне өзгерістер енеді. Аталған компанияның басшылығы сыртта жүрген қазақстандықтарға қатысты іс-қимыл шаралары қолға алынғанын хабарлады. Сондай-ақ шектеу мерзімінде ұшуды жоспарлаған халықаралық рейстердің жолаушылары да назардан тыс қалмайды.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/380762-aza-stanny-ue-kompaniyalary-shudy-shektedi

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *