Өзбекстанда тағы үш адамнан коронавирус инфекциясы табылды

Өзбекстанда тағы үш адамнан коронавирус инфекциясы табылды

Өзбекстанда тағы үш адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, көршілес елде дерт жұқтырғандар саны төрт адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Gazetza.uz-ға сілтеме жасап.

өзбек

Фото: gazeta.uz

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, бұған дейін коронавирус жұқтырған Ташкент тұрғының ұлы мен қызынан инфекция анықталған. Олардың нақты жасы белгілі емес.

Төртінші коронавирус жұқтырған адам да Өзбекстан азаматы. Ол Ташкентке Стамбулдан 15 наурыз күні келген.

Дәрігерлер мен мамандар стандарттарға сәйкес, эпидемиологиялық зерттеу және емдеу жүргізуде. Аурудың таралуына жол бермеу үшін алдын алу шаралары іске асырылуда.

Еске сала кетсек, 15 наурызда Өзбекстанда алғаш рет коронавирус жұқтырған адам тіркелгені хабарланды. Ол Ташкентке Франциядан келген.

Айта кетсек, Қазақстанда соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирус тоғыз адам анықталып отыр. Оның жетеуі Алматы қаласында, екеуі елордада. Вирус жұқтырғандар арасында он екі жастағы жасөспірім де бар.

Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен елімізде  төтенше жағдай режимі енгізілді.

Ол 16 наурыздан 15 сәуірге дейін жалғасады.

https://kaz.nur.kz/1845530-zbekstanda-tagy-s-adamnan-koronavirus-infekciasy-tabyldy.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *