Елімізде 12 жастағы жасөспірімнен коронавирус анықталды

Елімізде 12 жастағы жасөспірімнен коронавирус анықталды

Қазақстанда алғаш рет баладан коронавирус табылды. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

жетіс

Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарынша, 15 наурыз күні Алматыда COVID-19 жұқтырудың жаңа үш дерегі тіркелген.

Айта кетсек, инфекция жұқтырған үш адамның бірі — мектеп оқушысы болып шықты.

Ол 2008 жылы өмірге келген қыз бала. Ал Алматыға Германиядан ұшып келген.

Жасөспірімнің вирусты кімнен жұқтыруы мүмкін екені әзірге белгісіз. Сондай-ақ оның денсаулық жағдайының қандай екені де хабарланбады.

Осылайша, қазіргі таңда елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны тоғызға жетіп отыр. Оның екеуі Нұр-Сұлтан қаласында, жетеуі Алматы қаласында станционарлық ем қабылдап жатыр.

Еске сала кетсек, 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Сонымен қатар Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі төтенше жағдай кезінде елімізде сауда орындары мен дүкендер жұмыс істей ме деген сауалға жауап берді. Ведомствоның хабарлауынша, азық-түлік маркеттері өз жұмысын жалғастыра бермек.

https://kaz.nur.kz/1845518-elimizde-12-zastagy-zasspirimnen-koronavirus-anyktaldy.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *