МАСАҢ КҮЙДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕН ЖҮРГІЗУШІ ЖОЛАУШЫНЫ ҚАҒЫП КЕТТІ
Алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқаратындарға қатаң жаза қолдануы тиіс
8 ақпан күні Отырар ауданында масаң күйдегі жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, оның салдарынан жәбір шеккен азамат оқиға орнында қаза болды.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл фактіні ҚР ҚК 345-1 бабының 3-бөлігіне сәйкес СДТБТ тіркеді (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы).
Күдіктіні сотқа жеткізкенде, аудан соты оған «Үй қамағына алу» жазасын қолданып, күдіктінің қылмыстық әрекетіне қатысты жазалауды «Күзетпен ұстау» түріндегі тұтқынға алу санкциясын беруден бастартты.
Прокуратура органдары соттың бұндай қорытындысын негізсіз деп тауып, облыс сотына апелляциялық өтінішхатын түсірді.
Түркістан облысы сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасының 24.02.2020 жылғы шешімімен прокуратураның өтінішхаты қанағаттандырылып, сотталушы сот залында қамаққа алынды.
Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі