ҚАЗАҚСТАН РУШАН ГҮЛДІҢ ОТАНЫ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ШАРУА БІР МЕЗГІЛДЕ 40 МЫҢ РАУШАН ГҮЛІН ӨСІРУДЕ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Тұрбат елді мекенінде «Үміт» шаруа қожалығы гүл өсірумен айналысады. Шаруа қожалық 2004 жылы құрылған. Төрағасы — Рустем Ибрагимов. Қожалықтың жер көлемі — 4,5 гектар. Шаруа көлемі 40 соттық жылыжайға – раушан гүлін, 10 соттыққа – қалампыр гүлін өсіріп отыр. Онда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Маусымдық жұмысқа 15 ауыл азаматтары атсалысады. Орташа айлық жалақылары — 60 мың теңге. Өткен жылы өндірілген өнім көлемі — 10 мың дана қалампыр, 40 мың дана – раушан гүлі жиналған. Биылғы маусымда да өнім аз болмайды дейді шаруа.


Жалпы Тұрбат ауылында жылыжай көлемі — 55,3 гектар. Ал аудан көлемінде өткен жылы жылыжай саны — 156,01 гактарға жетті. Осы жылыжайлардан 2019 жылы 39,8 мың тонна — көкөніс, 100 тонна — лимон, 840 мың дана — гүл өнімдері жиналған.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *