ТҮРКІСТАН: «МАЛ МЕН ЕГІН – КӨЛ-КӨСІР ӨНІМ» САЙЫСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: «МАЛ МЕН ЕГІН – КӨЛ-КӨСІР ӨНІМ» САЙЫСЫ ӨТТІ

slider

Түркістандық жастар мақта теріп, қой қырқып, алма теріп, картоп жинап жарысты. Жастар екі күнін ауылдың тыныс-тіршілігімен танысуға арнады. «Ауылдағы бір күнім» телевизиялық реалити-шоуы аясындағы «Мал мен егін – көл-көсір өнім» сайысында облыстағы белсенді де, өнерлі волонтерлар ауыл тіршілігімен танысып қана қоймай, жарысқа түсті.

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған жарыстың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығын жастар арасында дәріптеу, жастардың еңбек қабілеттілігін арттырып, баулу.

Облыстың барлық аудан – қалаларынан келген қатысушылар жеребе бойынша төрт топқа жинақталды. Сайыс Қазығұрт ауданындағы бақта алма терумен басталып, қой қырқуына ұласты. Сауран ауылдық округінде картоп қазып, оны жинаумен жалғасты. Мақта теру кезінде қатысушыларды бағалаған қазылар терілген «ақ алтынның» тазалығы мен салмағына мән берді.

Екі күн сайысқан жас еріктілер жарыс соңында интеллектуалдылық жағынан да сынға түсті. Қазақтың салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдарынан хабарының да жоқ еместігін көрсетті.

Сайыс қорытындысымен «Қаратау» командасы III орын, «Алатау» II орынды иеленді. I орынды «Сырдария» құрамасы еншілеп, Бас жүлдені «Тұран» тобы иеленді. Жеңімпаз жастарға алғысхат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *