ЖАСТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ

Жыл сайын Қазақстан аумағында 30-40 тонна есірткі заттары тәркіленеді. Өткен жылы есірткі заттарына қатысты 2,9 мың қылмыс ашылып, 40 тоннадан астам есірткі (64,5 келі героин, 428,5 келі гашиш, 31 190 келі марихуана) жойылды.

Түркістан облысының ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының мәліметіне сүйенсек, облыс аумағында 2017 жылдың 9 айында есірткіге қатысты 284 қылмыс тіркеліп, оның ішінде 290 есірткі өнімдерін тұтынушылар анықталған. Заңсыз айналымдағы 5 тоннадан артық есірткі құралдары тәркіленген. Оның 7,5 келісі героин. Құрамында есірткісі бар егіп-өсіруге тыйым салынған 90 жайт және 800 мың түп көкнәр анықталды. Түркістан облысының ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалпы жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында есірткі бизнесімен айналысқан 2 топ және есірткі қолдануға арналған 3 притон құрықталды.

Түркістан облысы, отырарлық жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас ұйымдастырылды. Қоғамның жегіқұртына айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетімізде мықтап қолға алынып, кешенді түрде жүргізілуде. «Еліміздің ертеңгі тірегі–бүгінгі жастар»-деп, Елбасы айтқандай, болашақ жастарға үлкен сенім артуда. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің кестелі жоспарына сәйкес Отырар ауданында Д.Құрманбек атындағы №20 кәсіптік колледжі студенттері арасында «Мемлекеттік қызмет–қоғам мен әрбір қазақстандыққа қызмет етудің ерекше түрі» тақырыбында пікірсайыс өтті. Еркін форматта өткен басқосуда қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің ұшқыр ойлары мен ұтымды пікірлерін жеткізді. Бұл жиын қатардағы іс-шара болғанымен екі тарапқа да берер тағылымы мол, әсерлі кездесуге айналды. Мұнан бөлек өңірімзде есірткінің таралуын алдын алуға көптеген іс-шаралар атқарылып, нәтижесі көз қуантуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *